
Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін облыстың барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай «ТҮЛЕК – 2023» салтанатты іс-шарасы өтуде, яғни, 4525 түлекке аттестат табысталады. Түлектерқызықтыда, керемет, ұмытылмас мектеп өмірімен және аяулы мектебімен қоштасады.
Құрметті, түлектер! Осы сәт әрбір түлектің жүрегінен орын алатын, толқу мен тебіреніске толы сәт. Сіздер жарқын болашаққа жолдама алып, қадам басқалы отырсыздар.
Қымбатты мектеп бітірушілер, құрметті педагогтар және ата-аналар!Әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз бен еселі еңбектеріңіздің арқасында оқу жылы сәтті аяқталды.
Барлық өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру жалғасуда.Бүгінге дейін әр түлектің алдыға қойған мақсаты айқын, арманы асқақ. ҰБТ-ны сәтті тапсырып, армандарға қол жеткізетіндеріңізге сенімдіміз.
Құрметті, ата-аналар, педагогтар, мектеп түлектері! Абай облысының білім басқармасы Сіздерді мектеп бітіру салтанатымен құттықтайды!Сәттілік, ақ жол, толағай табыстар тілейміз. Болашақтарыңыз жарқын, жаңа жетістіктер мен өзгерістерге толы болсын!