2-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «БАСТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «БАСТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ  ЖЕТІСТІКТЕРІ

Бүгін 2023 жылдың 13 маусым күні Алматы  қаласында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиада Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты - математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтті. Абай облысының намысын6 оқушы қорғады. Семей қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №37гимназиясының» және Үржар ауданы білім бөлімінің «Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасының» оқушыларынан жинақталғанАбай құрамасы 5 жүлделі орындарды иеленді.Атап айтқанда, 1 орын 1 оқушы, 2 орын 1 оқушы, 3 орын 2 оқушы және грамота -1.

  • Семей қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы

№37гимназиясының» 4 сынып оқушысы  Тұрлыбек Фархад 🥇 орын;

  • Семей қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы

№37 гимназиясының» 3 сынып оқушысы Кусманов Елназар 🥈 орын:

  • Семей қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы

№37 гимназиясының» 2 сынып оқушысы  Ерлан Раяна – 🥉 орын;

  • Үржар ауданы білім бөлімінің «Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасының» 3 сынып оқушысы Цуканова Дарья– 🥉 орын;
  • Үржар ауданы білім бөлімінің «Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасының» 4 сынып оқушысы Проценко Кирилл грамота.

Абай облысы командалық 🥈 орынға ие болды.

Білім шыңын бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!