Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау “Дарындылар шеруі” өтті.

Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау “Дарындылар шеруі” өтті.

Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы республикалық  және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау шеруін өткізеді.

Іс шараның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық, ғылыми-зерттеу, жобалау, спорттағы жоғары жетістіктері үшін облыстың дарынды оқушыларын дипломдармен, алғыс хаттармен және университет гранттарын марапаттау және ынталандыру болып табылады.

Шеруге республикалық және халықаралық іріктеу кезеңдерінен өткен Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінің 2-11 сыныптарының 130-ға жуық оқушылары қатысты.

Іс-шараға Абай облысы білім басқармасы, Семей қалалық білім бөлім басшысы, ЖОО оқытушылары, облыстық мамандандырылған білім беру мекемелерінің және жалпы орта білім беретін мектептердің директорлары, білім бөлімдерінің үйлестірушілері қатысты.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ректорларының білім гранты табысталды.  Барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен және смартфон, смарт сағат, құлаққап түріндегі бағалы сыйлықтармен марапатталды.