18 мамыр күні «Өңірдің (Абай облысы) қажеттіліктері үшін мамандарды сапалы даярлау. Жастардың болашағы және кадрлық саясат» тақырыбында дөнгелек үстел өтеді

18 мамыр күні  «Өңірдің (Абай облысы) қажеттіліктері үшін мамандарды сапалы даярлау. Жастардың болашағы және кадрлық саясат» тақырыбында дөнгелек үстел өтеді

Бүгін, 18 мамыр күні «Өңірдің (Абай облысы) қажеттіліктері үшін мамандарды сапалы даярлау. Жастардың болашағы және кадрлық саясат» тақырыбында дөнгелек үстел өтеді.
Мақсаты: Абай облысының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында сараптамалық қоғамдастықпен бірлесе отырып, кадрлар даярлаудағы неғұрлым күрделі мәселелерді талқылау, ұсынымдар әзірлеу және өңірдің болашақ дамуына бағдарланған жұмыстардың жалпы жоспарын әзірлеу.
Ұйымдастырушылар:
«Ақ жол» ҚДП Абай облысы бойынша филиалы.

"Amanat" партиясының Абай облысы бойынша өкілдігі.

Абай облысының "Атамекен" КП.

Абай облысының білім басқармасы.

​Дөңгелек үстелге қатысушылар: Абай облыстық және Семей қалалық мәслихаттардың депутаттары; ЖОО өкілдері, ректорлар/проректорлар; Жұмыс берушілер, ЖШС, АҚ басшылары; ОАБҰ және КТБҰ өкілдері, колледж директорлары; БАҚ өкілдері.
​Модератор: Абильмажинов Ермек Төлегенұлы – Семей қалалық мәслихат депутаты.
​Спикерлер: Сулейменов Қуаныш Серқазыұлы – Абай облыстық мәслихатының төрағасы;
Бокишев Саят Жомартұлы – Абай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы төрағасының м.а.;
Нускенова Асем Х.асенқызы – Абай облысы білім басқармасы басшының орынбасары.

​Өткізу күні мен уақыты: 18 мамыр 2023 жыл, сағат 11.00 – 12.00.
​Өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Мәңгілік Ел к-сі, 11, "Alikhan Bokeikhan University" ББМ бас корпусы, 4 қабат, акт залы.