
"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантын беруге арналған конкурсты өткiзу туралы
ПРЕСС-АНОНС
2023 жылдың 30 мамырында Абай облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау Конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) облыстық кезеңін өткізеді.
Конкурс мақсаты: тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, облыстың орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының барлық түрлеріне рұқсат беріледі. Конкурстың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша конкурс комиссиясы, «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 02-10/422 ақпараттық хатына сәйкес, облыстық конкурс комиссиясына қажетті материалдарды, сондай-ақ мектептің атауын көрсете отырып, аудандық (қалалық) деңгейдегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ұсынады. Құжаттарын белгіленген мерзімнен кеш ұсынған білім бөлімдері Конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау негізінде жеңімпазды анықтайды және грант беру туралы шешім қабылдайды. Конкурс жеңімпаздары «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломымен және грант алғаны туралы сертификатпен марапатталады.
Өткізу негіздемесі: "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығы.
Байқауды ұйымдастыру комитеті: Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ.
Жауапты маман: педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бөлімінің басшысы Бейсембаева Н.Б. Байланыс телефоны: 87779848505.
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсының ережесімен сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000393