Абай облысында тұңғыш рет «Айбын-2023» IX Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына облыстың әскери-патриоттық клубтары арасында іріктеу турнирі өткізіледі.
Өтетін уақыты: 2023 жылдың 11-13 мамыры
Өтетін орны: "Ұлан" патриоттық орталығы.
Шульбинск кенті, 2-шағын аудан, 4-үй.
Жиынның мақсаты мен міндеттері
- Жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру;
- Қазақстан Республикасының қорғаушыларын даярлау;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Турнирдің әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау;
- Спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру;
- Жастарды спортпен шұғылдануға тарту;
- "Айбын-2023" қатысуға мықты командалар мен спортшыларды анықтау.
Іріктеу турнирінің ұйымдастырушылары:
Абай облысы білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылымы-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Абай облысы қоғамдық даму басқармасы, Абай облысы қорғаныс істер жөніндегі Департаменті, ҚР«Әскери-спорт клубтары федерациясы» ҚБ
Турнир қонақтары:
1.Шүлбі кентінің әкімі Мұхтарханов Ерболат Мұхтарханович;
- Абай облысы Жас сарбаз қозғалысының төрағасы Төлеубек Тоқанұлы;
- Қарулы күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник, жауынгерлік ерлігі үшін Айбын ІІ дәрежелі орден иегері Дюсупов Марат Серикбекович
Турнир бағдарламасы:
- Көрнекі құралдар көрмесін, өз жетістіктері, клубтары туралы бейнероликтер өткізу, өз қалаларының, аудандарының және оқу орындарының тұсаукесері - 2 қатысушы;
- "Айбын жұлдызы" шығармашылық байқауы - (команда);
- "Smart Sarbaz" робототехника байқауы -2 қатысушы.
4.2. Әскери-спорттық бағдарламаға әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар кіреді:
- Белтемірге тартылу -5 қатысушы. (ұ)
- 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру -2 қатысушы (қ)
- Пневматикалық мылтықтан ату - 5 қатысушы 3(ұ),2(қ)
- АК-74-7 автоматын толық бөлшектеу және жинақтау 7 қатысушы 5 (ұ),2 (қ)
- Газтұтқышты және плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию -2 қатысушы 1 (ұ),1(қ)
- Әскерилендірілген эстафета - 4 қатысушы 3(ұ) ,1(қ)
- Арқан тарту-5 қатысушы 5 (ұ)
Марапаттау:
Жалпы есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер, командалар дипломдармен және кубоктармен марапатталады. Жекелей сында жүлделі орынға ие болған қатысушылар дипломдармен және медальдармен марапатталады.
Орын.Бейсенбаев М.К
Тел: 87081689046