«Абайдың «Толық адам» ілімі негізіндегі «Мерейлі ұстаз» бейнесі» облыстық форумы

«Абайдың «Толық адам» ілімі негізіндегі «Мерейлі ұстаз» бейнесі» облыстық форумы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 «Абайдың «Толық адам» ілімі негізіндегі «Мерейлі ұстаз» бейнесі» облыстық форумы

 

Өткізілетін мерзімі: 5 мамыр 2023 жыл

Басталуы: сағат 9.00

Өтетін орны: Абай облысы білім басқармасы, Семей қаласы, №44 орта мектеп ғимараты

 

Абайдың «Толық адам» ілімінен ұстаздық, ғылым-білімді игеру, өнерге ұмтылу мәселелері де көрініс табады. Абай облысы білім басқармасының «Инновациялық әдістемелік-орталығы» Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып жұмыс жасауда. Әдістемелік орталық педагогтің құзыреттілігін көтеру мақсатында «Мерейлі ұстаз» жобасын ұсынады. Ұйымдастырылып отырған форум осы жоба аясында пәнаралық байланысты ұйымдастыруға негізделген.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәндер арасындағы байланыс тақырыптар анықталып, сол негізінде іс-тәжірибелер таратылады. Форумда педагогикалық этика мен эмоционалды интеллект негіздері бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 

Іс - шараның мақсаты: Ұстаз құзыреттілігн қалыптастыру жолдары, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері және заманауи іс-тәжірибелерін бөлісу.

 

Іс - шараға қатысушылар: Абай облысы білім басқармасының мамандары, «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың» әдіскерлері, барлық орта білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері.

 

Жалпы қамтылуы: 200 адам

Ұйымдастырушы спикер: «Абай облысы білім басқармасы» ММ

«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ

 

Іс-шараның әсері: Әр пәннің өзіндік жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Келген педагогтер пәнаралық байланыс әрекеті арқылы іс-тәжірибе алмасады. ЖОО мамандарының пікірін тыңдап мағлұмат алады.