Кітап бұрышын ұйымдастыру бойынша «Балаларға базарлық» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
Балалардың көркем әдебиетімен танысу, педагогтің оқуы, шығармаларды қайталау, талдау арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында, мектепке дейінгі кіші және ересек жастағы балаларға арналған «Балаларға базарлық» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға облыстың бес аудандық, қалалық білім бөлімдерінен өтінім түсіп, 9 конкурстық бейнематериалдары бағаланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша кіші топтар арасында:
I орын - Ақсуат ауданы «Балдырған» бөбекжайы КМҚК;
II орын – Көкпекті ауданы «Балерке» бөбекжай балабақшасы» МКҚК;
III орын - Абай ауданы «Баян Байғожина атындағы бөбекжайы» КМҚК; Семей қаласы №5 «Бала әлемі» бөбекжайы» КМҚК; Жарма ауданы «Алтынай» балабақшасы» КМҚК.
Ересек топтар арасында:
I орын - Көкпекті ауданы ЖК «Далелов К.К.» «Өрнек» жеке меншік балабақшасы;
II орын - Жарма ауданы «Айголек» балабақшасы» КМҚК;
III орын - Ақсуат ауданы «Асыл» бөбекжайы» КМҚК, Семей қаласы «Өрлеу» балабақшасы ЖШС жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен марапатталып, педагогттергеалғысхаттар берілді.
I орын иегерлері - Кіші тобы бойынша: Ақсуат ауданы«Балдырған» бөбекжайы, тәрбиеленуші Ақан Әлия, педагог: Пазылова А.Е.; Ересек тобы бойынша - Көкпекті ауданы ЖК «Далелов Қ.Қ.» «Өрнек» жеке меншік балабақшасы, тәрбиеші Сеитказына А. Е. кітап бұрышын ұйымдастыру бойынша «Балаларға базарлық» байқауының бейнематериалдары мен өтінім Абай облысынан республикалық байқауына жіберілді.