
2023 жылдың 6 мен 7 сәуір аралығында «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» «Zerek» және «Robotek Grand Tournament» облыстық онлайн чемпионатын өткізеді.
Мақсаты: IT саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, «Инженерия» және «Спорттық робототехника» бағытын дәріптеу. Чемпионат "10+" және "14+" екі жас санатында робототехника, 3D модельдеу, ардуино, бағдарламалау құзыреттері бойынша өткізіледі.
Чемпионаттың облыстық кезеңіне 23 қаңтар мен 28 ақпан аралығында облыстың барлық аудандары мен қалаларында, сондай-ақ облыстық мамандандырылған мектептер арасында іріктеу кезеңдерінен өткен қатысушылар келіп қатысуда. Аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары - 13 құрама команда, 221 оқушы чемпионаттың облыстық кезеңінде өз дағдыларын көрсетеді.
Чемпионат қатысушыларына сәттілік тілейміз!