«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» ҮІ республикалық байқаудың облыстық кезеңі.

«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» ҮІ республикалық байқаудың облыстық кезеңі.

«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» ҮІ республикалық байқаудың облыстық кезеңі.

Байқау мақсаты: жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділігін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.  

Аталған байқауға үш жылға дейінгі педагогикалық еңбек өтілі бар аудандық, қалалық кезеңінің 13 жеңімпаз жас педагогтері қатысты. Байқау үш тапсырмадан тұрды.

1- тапсырма да «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін - өзі таныстырды. 2-тапсырмада әр түрлі педагогикалық жағдаяттардан шығу жолдарын ұсынды.

Қатысушылардың эссе жұмыстары мен ашық сабақтары алдын ала  қабылданып, критерийлер бойынша бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды. Атап айтсақ,

1-орын: Нәубетов Жасқайрат Әділбекұлы, Семей қаласы “Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-Инновация лицейі”.

2-орын: Сағдатова Жансая Саметқызы, Бородулиха ауданы “Ә. Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебі”.

3-орын: Еркінов Мақсат Еркінұлы, Ақсуат ауданы, “М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі”.

Аталған педагогтер байқаудың республикалық кезеңінде облысымыздың намысын қорғайды.

Жас педагогтерге сәттілік тілейміз!