«Debattle» үздік пікірсайысшыларға арналған пікірсайыс мектебі

«Debattle» үздік пікірсайысшыларға арналған пікірсайыс мектебі

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының бастамасымен 2023 жылғы 24-25 наурызда облыстың үздік дебатерлері үшін "Debattle" мектебі ұйымдастырылды.

Пікірсайысшылар мектебі пікірсайысқа құмар облыстың дарынды оқушыларына қолдау көрсету, сондай-ақ сыни ойлауды дамытуға, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға, төзімділікке, мәселені шешудің көптеген тәсілдерін, белсенді азаматтық ұстанымды тануға ықпал ететін зияткерлік демалыс нысаны ретінде пікірсайысты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Debattle» мектебіне барлығы 72 дебатер және облыс мектептерінің 24 пікірсайыс клубтарының жетекшілері қатысты.

Бірінші күні тәжірибелі пікірсайысшылардың тренингтері өтті, екінші күн практикалық ойындарға арналды. Ойындар қорытындысы бойынша қазақ лигасы бойынша 1 орынды №32 ЖОББМ оқушылары Бектұрсынов Нұрас мен Тұрсын Дархан иеленсе, 2 орын №22 мектеп-лицей оқушыларына Бақытова Айым, Мырзаканова Айымжанға бұйырды. 3 орын жеңімпаздары НЗМ оқушылары Айтқалиева Дана, Жабағиева Үммігүлсім. «Үздік спикер» номинациясын Бақытова Айым иеленді.

Орыс лигасы бойынша 1 орын № 6 гимназия оқушылары Жданов Никита, Абуталифулы Ералы. 2 орын БИЛ Қалихан Нұрсұлтан, Жуматаева Назерке, 3 орын Үржар ауданынан келген Коржикова Евгения, Омаргалиева Александр иеленді.  «Үздік спикер» Жданов Никита атанды.

Дарынды балаларымызға алдағы турнирлерде жеңістер тілейміз.