«Көшпелі көшбасшы мектебі» жобасы

«Көшпелі көшбасшы мектебі» жобасы

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың қазан айынан бастап облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мектеп парламентінің қатысушылары үшін «Көшпелі көшбасшы мектебі» жобасын іске асыруда.

Бұл жолы көктемгі оқушылар  демалысында Семей қаласының тәжірибелі педагогтері мен білім беру ұйымдарының тәлімгерлерінен құралған жаттықтырушылар тобы Жарма және Абай аудандарын аралады.

100-ден астам көшбасшы тренингтерге белсенді қатысты, сондай-ақ өздерінің шығармашылық ойларын ортаға салды, көшбасшылық қасиеттерін ашты, үйлесімді командалық жұмысты көрсетті.

Оқушылардың өздері және олардың тәлімгерлері атап өткендей, олар алған білімдерін одан да көрнекі және қызықты ету үшін мектеп өміріне пайдалы қылмақ.

Көшпелі мектептің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.