Абай облыстық білім басқармасы Шымкентте өткен GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалінде бас жүлдені иеленді

Абай облыстық білім басқармасы Шымкентте өткен GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалінде бас жүлдені иеленді

Ағымдағы жылдың 20-22 наурыз күндері Шымкент қаласында «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын
тойлау аясында «GREAT QAZAQ GAMES» республикалық этнофестивалі
өтті.

Big Qazaq Games – көшпенділердің ұлттық коды мен Олимпиада ойындарының аналогы.
Мега жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау,
бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының
өнерін, қабілетін бағалау, қолдау, құрметтеу, оңтүстік өңірдің сән-салтанатын арттыру, өңірлердің
өзара достығын, қарым-қатынасын нығайту болып табылады.
Фестиваль аясында
«ŪLTTYQ TAĞAM» (ет, сірне, қуырдақ, бауырсақ, жент, қымыз, шұбат)
«ŪLTTYQ OIYNDAR» (көкпар, аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, теңге ілу, аударыспақ,
қазақ күресі, садақ ату, жамбы ату)
«ŪLTTYQ KIIM» (ерлер киімі, шапан, камзол, үйлену киімі, сәукеле, тақия)
«ŪLTTYQ ÖNER» (айтыс, жыр-терме, дәстүрлі ән, күй қобыз, күй домбыра, жетіген, би.) және
«ҮЗДІК КИІЗ ҮЙ» 5 негізгі номинациялар бойынша жарыстар өтті, онда ең мықты спортшылар
(ұлттық ойындар), халық өнерінің шеберлері (ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, музыканттар,
қолөнершілер және т.б.) қатысты.
Этноауылда 160 киіз үйден тұратын этникалық ауыл тігіліп, сауда алаңдары,
балалар аймақтары, интерактивті іс-шаралар (тағам, өнер, сән көрсетілімі) сияқты түрлі
ойын-сауық шаралары өтті.
Абай облысының құрған киіз үйі "Үздік киіз үй" Гран-приін жеңіп алды.