Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді

2023 жылғы 28 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Ш. Байбековтің төрағалығымен Абай облысының балалары мен жастарына әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Отырысқа облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, 5511 әскери бөлімінің, Семей қаласының әскери - техникалық мектебінің, «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының, Қарулы Күштердің, Ауғанстандағы соғыстың, тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А. Нускенова білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық тәрбиенің дамуы, «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту жағдайына тоқтап, соңғы үш жылдағы «Айбын» республикалық әскери-спорттық ойынына қатысу қорытындысы бойынша облыс командасының жетістіктерін атап өтті.

          Отырыс аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі, ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы, Абай облысы бойынша «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы сөз сөйледі. 

Сондай-ақ, әскери-патриоттық клубтар мен ардагерлер ұйымдарының өзара іс-қимылы, АӘД пәні бойынша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, барлық ведомствоаралық құрылымдардың бірлескен жұмысы туралы мәселелер көтерілді.

Отырыс қорытындысы бойынша, оқушыларға, әскерге шақырылғанға дейінгі және әскерге шақырылған жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.