
Бүгін Семей қаласындағы балалар мен жастар шығармашылық сарайында Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысына Абай облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдары және терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс жөніндегі бөлімінің өкілдері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Полиция департаментінің қызметкерлері, сондай – ақ оқу-жаттығу взводының арнайы бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Семинарқатысушыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 "Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы", сондай-ақ 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305"Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарына қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді.