"ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ" ОБЛЫСТЫҚ ПАНЕЛЬДІК ПІКІРТАЛАС

"ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ШЕҢБЕРІНДЕГІ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ"  ОБЛЫСТЫҚ ПАНЕЛЬДІК ПІКІРТАЛАС

2023 жылғы 24 ақпанда «Халықаралық жобалар шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында облыстық панельдік пікірталас өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары: "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық" КММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі, Абай облысы әдіскерлерінің ОӘБ, "Электротехника колледжі" КМҚК. Пікірталастың мақсаты: дуальді оқыту бойынша Халықаралық жобалар шеңберінде электротехникалық колледждің жұмыс тәжірибесін тарату. Панельдік пікірталасқа қатысушыларды ұйымдастырушылар атынан ОӘБ әдіскерлерінің төрайымы

А. Ж. Жұмағалиева, "Электротехника колледжі" КМҚК директоры                       М. Серікболұлы, колледж әдіскері А. С. Касымжанова құттықтау сөз сөйледі.

KAZDUAL жобасы аясындағы ынтымақтастық туралы KAZDUAL жобасының ұлттық үйлестірушісі, постдокторант, Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеушісі Б. Сапарғалиева., Тироль (Австрия) педагогикалық университетінің дидактикалық білім беру зерттеулері және әзірлемелері институтының зерттеу бюросының бастығы Ингрид Хотарек өз әсерлерін бөлісті.

          Панельдік пікірталасқа қатысушыларға колледждің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысы, "Мехатроника" құзыреттілігі бойынша WorldSkills чемпионатына дайындық тәжірибесі, "Қазақстанда дуальді жүйені енгізу/KAZDUAL" халықаралық жобасына қатысу бойынша жұмыс ұсынылды, сондай-ақ қатысушыларды Германияда дуальді жүйеде практикалық оқытудың ерекшеліктерімен, басқарылатын бағдарламаларды аккредиттеу стандарттарымен, Австриялық федералды жолдардың оқу цехы негізінде дуальді оқытуды ұйымдастырумен, құзыреттілік орталығының жұмысымен таныстырды.

Жалпы облыстық панельдік пікірталас жұмысына Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ұйымдарының 65 әдіскері мен директорлардың ТЖ жөніндегі орынбасарлары қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.