«Президент Жолдауларының астарында» облыстық әдістемелік семинар-практикумы

«Президент Жолдауларының астарында» облыстық әдістемелік семинар-практикумы

2023 жылғы 21 ақпанда Абай облысы колледждері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі шеңберінде «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК базасында тәжірибе алмасу мақсатында «Президент Жолдауларының астарында» облыстық әдістемелік семинар-практикум ұйымдастырылды.

Семинар аясында мемлекет басшысы Жолдауларының негізгі бағыттарын түсінуге бағытталған: «Тәттілерге акциз енгізу қажет пе?» пікірсайыс турнирі, «AntiParaCraft» антикоррупциялық квест ойыны, «Бір мақсат, бір мудде, бір болашақ» сыныптан тыс іс-шара, «Мемлекеттік реформалар: конструктивті диалог» дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шаралар барысында қатысушылар патриоттық және саяси тәрбие бойынша тәрбие жұмысының тәжірибесінде қолданылатын жұмыс түрлерімен танысты, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жастар саясаты, білім беру, әлеуметтік және экономикалық орта салалардағы бастамаларын қолдау бойынша пікір алмасты.