
Абай облысының мектепке дейінгі ұйымдарына арналған
«Бірге оқимыз» жобасы аясында оқу сауаттылығын
дамыту жоспарын енгізу туралы
БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ
Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 20 қаңтарда мектепке дейінгі ұйымдар үшін онлайн режимінде «Бірге оқимыз» облыстық әдістемелік сағаты өткізілді.
Әдістемелік сағаттың мақсаты: қатысушыларға жаңа жобаны, «Бақыт» шағын орталығы ЖШС, №10 «Балбұлақ» бөбекжайы КМҚК, «Өрлеу» балабақшасы ЖШС Семей қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының жұмыс тәжірибелерін таныстыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері М.А. Масалимова, С. М. Слободнякова, Г. Т. Жетпісова өз мекемелерінде осы жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып берді.
Бұл жобаны іске асыруда балабақшаларда кітап бұрыштарын, буккроссингтерді, мобильді кітапханаларды құру, білім беру ұйымдарының кітапханаларымен, ата-аналар қоғамымен өзара ынтымақтастықты дамыту, балалар әдебиетімен қамтамасыз ету, педагогтер, балалар мен олардың ата-аналары арасында оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту жоспарлануда.
Жобаны іске асырудағы күтілетін нәтиже:
1.Балалардың, педагогтердің және ата-аналардың оқу белсенділігіне қызығушылықтарын арттыру;
3.Үйде оқу дәстүрлерін жаңғырту, балаларды оқуға тарту бойынша отбасылық тәрбие тәжірибесін жалпылау және тарату.