«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ» таныстырылымы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «МЕНІҢ  СҮЙІКТІ  КІТАБЫМ» таныстырылымы

Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап таңдап талғап оқи білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері А. Шаймерденованың ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында кітап оқу және оны таныстыру таныстырылымдары өткізілді.
Оқушылар сүйікті кітаптарына презентация жасап, көріністер көрсетті. Балалар кітаптарды оқып қана қоймай, өздерінің оқыған кітаптары туралы жарнамалап, достарына оқуға ұсыныс жасады. Әрбір қатысушы өздері оқып, таныстырған кітаптарының кейінгі ұрпаққа қалатын рухани өсиет екенін түсінді.