«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша тәжірибе бөлісу

«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша тәжірибе бөлісу

«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша тәжірибе бөлісу


2023 жылдың 6 қаңтар күні Абай облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша «Абай облысындағы ДНЫЕМ дамуы және перспективалары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді. Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың әдіскері Е. Оразғалиев қатысушыларға жақында ғана өткізілген халықаралық «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына назар аударту үшін COVID-19 пандемиясының шындықтары» конференциясындағы жаңа ұсынымдармен таныстырып, жобаның маңыздылығына тоқтап, баяндамашыларға сәттілік тіледі.
Аягөз қаласы «№ 4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі М. Ардашев «Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын нығайту және мектепте практикалық түрде қолданылатын іс- шаралар» атты баяндамасын оқып, іс- тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар «Дені сау ұрпақ - ел байлығы» тақырыбында аталған жобамен жұмыс жүргізетін Уржар ауданы Қаратұма орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі А. Мукатаева іс- тәжірибесімен бөлісті. Осы семинар қорытындысында әдіскер Е.Оразғалиев «Денсаулықты ықпал ететін мектептер» жобасының жаңа жоспарымен таныстырды. Қатысушылар пікір таластырып, өздеріне қажетті мағлұматтарды алды деп сенеміз!