
«Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сай 2023 жылдың 06 қаңтарында сараптамалық кеңестің жұмыс қорытындысы бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған онлайн семинар өткізді. Семинарда сараптамалық кеңес мүшелері Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің музыка және өнер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Бодауова Бактыгуль Кабидоллаевна, жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сапарова Гульнара Сихимбаевна өз пікірлерімен бөлісті.