Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен, жыл қорытындысы аясында, Республикалық «Үздік педагог2022» атағының иегерлерімен облыстық телеарнаның «Алдаспан» бағдарламасында «Кәсіби шеберлік шыңына шығар жол» атты кездесу іөтті. Іс-шараның басты мақсаты –ұстаздардың мәртебесін көтеру, қоғам алдында құрмет көрсету. Студия қонақтары сұхбат беру барысында қиындығы мен қызығы мол мамандықты қалай таңдағандарын әңгімелеп, республикалық кәсіби сайыста жеңіске жету жолындағы іс-тәжірибелерімен бөлісе отыра, мұғалімнің басты міндеті шәкірттеріне терең білім сіңірумен қоса зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірге бағыт-бағдар беру екенін атап айтты.
Кездесу қонақтары, Республикалық «Үздік педагог 2022» атағының иегерлері: Рсалиева Айгуль Айтмухаметқызы – өндірістік оқыту шебері, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК; Калбагаева Мадина Сейсенбекқызы - информатика пәнінің мұғалімі , "Жас ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ; Сайлаубеков Айдос Жасұланұлы- химия пәнінің мұғалімі, «Абай атындағы ММГИ» КММ.