
29 желтоқсан күні "Авиценна" Жоғары медициналық колледжі" –інде "Жүректің құрылысы. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. The structure of the heart. Bіgandsmall circles of blood circulation" тақырыбында облыстық ашық сабақ өткізілді. Сабақты арнайы пәндер оқытушысы Гүлнар Сайлаубекқызы Аниярова және кәсіби шет тілі оқытушысы Бақыт Сейтқалиқызы Сейтқалиева мемлекеттік және шет тілдерінде өткізді. Ашық сабаққа Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Қырғызстан республикасынан медициналық колледждері - халықаралық серіктестер, сондай-ақ СМУ КеАҚ әріптестері мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Сабақты талқылау барысында олар колледж оқытушыларының кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігіне жоғары баға берді. Сабақтың нәтижелілігі мен тиімділігі, теория мен практиканың байланысы, студенттердің екі тілде кәсіби білім мен дағдыларды игеруі, сабақты материалдық-техникалық және дидактикалық қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, оқытушылардың жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы атап өтілді.