
2022 жылдың 28 желтоқсанында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде педагог-психолог Бигазиева Жанат Мәметжанқызының ұйымдастыруымен облыстық семинар-практикум өтті. Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында "ТжКББ мекемелерінде аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында өткізілген іс-шара ТжКББ мекемесінің педагог-психологтарына Абай облысы білім басқармасы қызметкерлері қатысты. Семинарымыздың құрметті қонақтары инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Тілек Алтайұлы Қасымханов "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында презентация ұсынды, "Абай ҚБ" ММ "Облыстық инновациялық - әдістемелік орталығы" КММ әдіскері Ғалия Мақсұтқызы Рахымжанова, "Жас-өмір" жастар денсаулығы орталығының психологы Айсұлу Төлеубайқызы Қасымова қатысушыларды орталықтың қызметтерімен таныстырды.
Шараның спикерлері: "Семей" колледжінің педагог – психологы Аусарбаева Марина Кайыпжановна "Қазіргі жасөспірім – болашақ жеке тұлғаның сипаты" тақырыбында баяндама оқыды, "Радиотехника және байланыс" колледжінің педагог-психологы Карпачева Надежда Николаевна –"Психологтың студенттердің ата-аналарымен өзара іс-қимылының белсенді нысандары" тақырыбындағы психолог пен ата-ананың практикалық жұмысы туралы айтып берді, колледждің Педагогика және психология пәні бойынша оқытушылары Жүнісова Ләззат Байботайқызы, Нұрланова Әйгерім Қуандыққызы "Психолог пен педагогтардың бірлескен қызметтегі өзара іс-тәжірибе" тақырыбындағы әдістемелік жұмыстарының көрсетті, колледж педагог-психологы Бигазиева Жанат Мәметжанқызы психологтың "Аутодестриуктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша педагог-психологтың жұмыс жоспары" тақырыбындағы әдістемелік жұмысын көрсетті.
Өткізілген семинардың нәтижелері бойынша кері байланыс алу мақсатында семинарға қатысушылар алынған ақпараттың өзектілігін, пайдалылығы мен жаңалығын атап өтті. Бұл семинар педагог-психологтардың әдістемелік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті, кәсіпқойлықтың дамуына, ТжКБ мекемелерінде жұмыс тәжірибесін көрсету мүмкіндігіне ықпал етті. Іс-шара соңында қонақтар семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, жинақталған тәжірибені ескере отырып, ТжКБ білім беру жүйесінде аутодеструктивті мінез-құлқы бар балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасы мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігі туралы пікір білдірді.