
Дарынды жастарды қолдау, жұмыс біліктіліктерін насихаттау және білімі, дағдылары мен таланты арқасында жетістікке жеткен ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті"жобасын ұйымдастырды. Абай облысынан республикалық кезеңге 10 өтті , ТОП-100-ге колледждердің үздік 3 студенті кірді. 22 желтоқсанда Семей қаласының "Көлік колледжі" КМҚК базасында Үздік студенттер мен олардың тәлімгер-педагогтары үшін салтанатты құрмет көрсету рәсімі ұйымдастырылды. Жеңімпаздардың атына облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Хасенқызы Нускенованың құттықтау сөздері айтылды.Олардың барлығы дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.