
Радиотехника және байланыс колледжінің WSK Kazakhstan – 2022 Республикалық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Абай облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Жакупбаева Вилена Каримовна және ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Еңбек ардагері, ҚР үздік байланысшысы, радиотехника және байланыс колледжінің директоры Сартаев Оралхан Имангалиевич марапаттады. WSK Kazakhstan – 2022 жұмысшы біліктіліктердің чемпионатында Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері 7 құзіреттілік бойынша сайысқа түсті, нәтижесінде 1 алтын медаль «Ақпараттық кабельдік желілер» - Талғатов Дастан, 1 күміс медаль «Прототиптеу» - Тютюник Павел, 5 үздік маман медальоны «Мобильді робототехника» - Бабенко Тимур, Дахно Денис, «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» - Сапрыкин Владислав, «Электроника» - Белый Сергей, «CAD инженерлік дизайны» - Есенгельді Нұрәділ. Алтын және күміс медаль иегерлері және эксперт Чередниченко М.В., Бөкен К.Д. «ТжКБ беру саласына сіңірген еңбегі үшін «Радиотехника және байланыс колледжіне» 80 жыл мерекелік медалімен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Салтанатты рәсімді ұйымдастырушылар колледж әкімшілігі.