«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы бойынша оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер тізбесі

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы бойынша оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер тізбесі

 Кітап көзі ашық, парасатты әрі білікті тұлғаны тәрбиелеудің әмбебап құралы болып табылатындықтан, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оны дәріптеу қоғамның дамуы үшін аса маңызды.
Кітапханада кітап оқу – бұл күнделікті өмір. Бұл жаңа әлемге және түрлі оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біздің жас ұрпақ көркем әдебиеттер оқу арқылы сөз шеберлерімен кездеседі. Сондай-ақ рухани демалып, шәкірттеріміз бұрын білген және білмегенді таниды, ғылым жұмбағына енеді, көп оқып, көп дүниені меңгереді.
Осы орайда оқу мәртебесін, оқу белсенділігімен және оқу сапасын арттыру, сондай ақ жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту және мектеп оқушыларының интеллектуалды әлеуетін арттыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру ұйымдары оқушыларының оқуы үшін көркем әдебиеттердің минималды көлемінің бекіткен арнайы тізбесін назарларыңызға ұсынамыз.
Білім алушылардың осы тізбеден әдеби кітаптарды таңдап оқуы арқылы олардың оқуға құштарлықтарын арттыру біздің басты міндетіміз!