
Тәрбие тұжырымдамасын талқылау
«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен құндылықтар негізінде даму мен қалыптасудың барлық кезеңдерінде жеке тұлғаның әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін тәрбиелеудің кешенді экожүйесін анықтау мақсатында «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұлға тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында білім беру мекемелеріндегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына таныстырылым өткізілді.
Бұл құжаттың алдына қойылған төмендегі міндеттер талқыланды:
- Еліміздегі және әлемдегі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ағымдағы жағдайын зерттеу;
- Үздіксіз білім беру жүйесінде балалар мен жастарды тәрбиелеудің әдіснамалық негіздері мен құндылық бағдарларын айқындау;
- Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу және білім беру бағдарламалары мазмұнының тәрбиелік әлеуетін арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеуді тиімді интеграциялау үшін жағдайлар жасау;
- Білім беру ұйымдарында тәрбие тәжірибесінің көптүрлілігі үшін мүмкіндіктер жасау;
- Балалар мен жастарды тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға отбасын, қоғамды, мемлекеттік ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын тарту жолдары мен тетіктерін айқындау.
Тыңдаушылар белсенділік танытып, жоба бойынша өз пікірлерін ортаға салып, жарыссөзге шықты.