2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ДАРЫНДЫЛЫҚ ПЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ  ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫ

 

2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

________________________________________________________________________

 

Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2022 жылғы 3 қарашасында  2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының  облыстық кезеңін (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

Негізгі мақсаты – Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық  әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурстың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабылетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.

Облыстық конкурстың қатысушылары аудандық/қалалық конкурстық іріктеу кезеңдерінен өткен Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінің   2-7  сыныптарының оқушылары.

Конкурс өткізудің жұмыс жасау тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін 2022 жылдың 3 қарашасында сағат 10.00-де шақырамыз.

 

Өтетін мекен-жайы: Семей қаласы, Пархоменко көшесі, 76 «Дарын» ДпҚББДҒӘО, тел.: 8/7755435245 e-mail: daryn_abai@mail.ru.