Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (ІРІКТЕУ) КЕЗЕҢІ

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша  ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (ІРІКТЕУ) КЕЗЕҢІ

Абай облысының оқушылары ағымдағы 2022 жылдың 27 қазанында республика бойынша бірыңғай күні өткізілген жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне қатысты.Олимпиадаға аймақтық турда үздік жиырмаға ілінгеноблыстың жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып түлектері қатысты.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутудаоқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

3) тұлғаныңөзін-өзіжетілдіруінежәнедамытуынажағдайжасау.

               Іріктеу кезеңі екі тапсырмадан тұрды:

1- Тестілеу. Ол Республикада  бойынша Астана уақытымен таңғы сағат 10-да басталды. Әр қатысушы төрт пән бойынша: математика, физика, химия және биология пәндері бойынша 60 тапсырманы өз тілінде орындады. Орындалу уақыты 2 сағат.

2- Эссе. Сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін балалар берілген тақырыптардан біреуін таңдау  арқылы эссе жазды. Қатысушылардың эсселері сканерден өткізіліп, Республикалық ұйымдастыру комитетіне жіберілді.

Қатысушылардың жұмысын объективті бағалауды қамтамасыз ету, сонымен қатар академиялық әділеттілік пен ашықтықты сақтау және өткізу мақсатында Олимпиада Ютуб каналы арқылы тікелей трансляция арқылы көрсетілді.

Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!