
2022 жылдың 26 қазанында «Білім сапасын арттыруда интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн семинары өтті.
Семинардың мақсаты-оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған информатика мұғалімдерінің тәжірибесін жинақтау. Оқушылардың жобалық қызметін іске асыру, информатика сабақтарында заманауи оқыту құралдарын пайдаланудың маңыздылығы, сыныпта қолданылатын онлайн-платформалардың тиімділігі, бағдарламалау бөлімдерін зерделеу ерекшеліктері бойынша мәселелер қаралды.
Семинарға Абай облысының информатика пәнінің мұғалімдері қатысты. Шеберлік сабақтарын Семей қаласы, Бородулиха, Абай, Бесқарағай, Аягөз аудандарының информатика пәнінің мұғалімдері өткізді. Семинар барысында пәнді оқыту ерекшеліктеріндегі маңызды мәселелер көтерілді және талқыланды. Семинар онлайн форматта zoom платформасы арқылы өткізілді, бұл шалғай өңірлердің педагогтеріне белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Педагогтар тәжірибе алмасуға, бар проблемалық мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.