«Ясауитану-2022» байқауы

«Ясауитану-2022»  байқауы

Ағымдағы  жылдың 13-14 қазан кұндеріоқушылар арасындағы республикалық «Ясауитану-2022»  байқауы  Түркістан  қаласында  өтті. 

   Осы  білім  сайысының іріктеу кезеңінен   Абай  облысынан  4 оқушы  Бесқарағай  ауданының Беген орта мектебінің 11 сынып  оқушысы  Оразбаева Нұрай , Қарауыл гимназиясынан  9 сынып оқушысы  Қасымова  Жанар, Жарбұлақ орта мектебінің  10 сынып оқушысы Қажымұқан  Ұлдана,  Б. Сахариев  атындағы  Бахты  орта мектебінің  оқушысы  Смағұлов Мейіржан республикалық кезеңде өз бақтарын сынады.

Қатысушыларға Бесқарағай  ауданы,  Беген орта мектебінің тарих пәні  мұғалімі, Жапарова Айжан  Сагынаевна, Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусманова Мөлдір Нұрланбековнажетекшілік етті.

   Бірінші  күні  байқауға  қатысушылар қасиетті  Түркістан  жеріне экскурсия  жасап, үлкен  әсер  алды.  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесіне , Жұма  мешіті, Қылует  жерасты   мешіті, Шығыс  моншасы, Рәбия  сұлтан Бегім кесенесі, Кұлтөбе қалашығына,   Хан  ордасына  саяхат    жасады. Үлкен  рухани  тәрбие  алып, өткен  тарихымызға  шолу  жасады.   Қатысқан  оқушыларымыз  өткен  тарихтан  көп  мағлұмат  алып, қасиетті  жердің  үлгі  өнегесінен үлкен  әсер  алды.

Екінші  күні  «Әзірет  Сұлтан»  музей  қорығының ұйымдастыруымен  «Фараб» ғылыми  кітапханасында  «Ясауитану-2022» байқауы  өтті.  Қатысқан оқушылардың  барлығы  өз  деңгейіне  қарай  марапатталды. Қатысушыларға  «Ясауитану-2022 » республикалық  байқауына  қатысқаны үшін  арнайы  диплом  және  музей- қорық шығарған  баспалар сыйға  тартылды.Оқушыларды  байқауға  дайындап  алып келген  ұстаздар « Әзірет Сұлтан» музей-қорығының  директоры Мәулен  Жарылқасынұлы Садықбековтың  алғыс хатымен марапатталды.