«Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру лагері бұл достық пен шығармашылық аумағы!

«Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру лагері бұл достық пен шығармашылық аумағы!

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қарамағында Қазақстанның табиғаты әсем әрі көркем, Бурабай курорты қаймағында және Қапшағай көлінің жағасында Д.Қонаев қаласында орналасқан екі тамаша лагерь бар. Балалар үшін демалуға және сауықтыруға тамаша жағдайлар жасалған.

Жыл сайын мыңдаған балалар демалуға және «Балдәуренде» өздерінің шығармашылық және көшбасшылық дағдыларын ашуға мүмкіндік алады. Барлық балалар халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалардың, байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушылары, жас журналистер, блогерлер, техниктер, әншілер, ақындар, дебатерлер және мектеп парламентінің көшбасшылары, олар өздерінің еңбекқорлығымен және шығармашылыққа жақын болғандықтан осы құқыққа ие болды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында Абай облысынан 36 дарынды бала демалып қайтты, жыл соңына дейін облыстың қалалары мен аудандарындағы мектептердің 54 оқушысы демалып қайтады деп жоспарлануда.