
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша
ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ (ӨҢІРЛІК) КЕЗЕҢІ
Абай облысының оқушылары ағымдағы жылдың 12 қазанында республика бойынша бірыңғай күні өткізілген президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңіне жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша қатысты. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған республиканың жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып түлектері қатысты.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Әр қатысушы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.
Қатысушылардың жұмысын объективті бағалауды қамтамасыз ету, сонымен қатар академиялық әділеттілік пен ашықтықты сақтау және өткізу мақсатында Олимпиада Ютуб каналы арқылы тікелей трансляция арқылы көрсетіледі. Қатысушылардың жұмысы сканерден өткізіліп, облыстық білім басқармасының сайтында орналастырылды. Сілтеме арқылы көруге болады: https://drive.google.com/drive/folders/18ya7vEO8zhqpbUeauEiWHz-5JdSdoTTH?usp=sharing