8-қазан күні Абай облысы Семей қаласы Қайнар ауылында С.Бегалин атындағы Қайнар орта мектебінің «Ғасыр жасаған қара шаңырақ» атты 100 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтті.

8-қазан күні Абай облысы Семей қаласы Қайнар ауылында С.Бегалин атындағы Қайнар орта мектебінің «Ғасыр жасаған қара шаңырақ» атты 100 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтті.

    8-қазан күні Абай облысы Семей қаласы Қайнар ауылында С.Бегалин атындағы Қайнар орта мектебінің «Ғасыр жасаған қара шаңырақ» атты 100 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтті. 

    Мерейтойға шақырылған құрметті қонақтар, мектепте әр жылдары оқыған түлектер келді. Тойға  ҚР Оқу-ағарту министрлігі өкілі Н.С.Пұсырманов, Абай облысының әкімінің орынбасары Ш.З.Байбеков, Абай облысы Білім басқармасының басшысы Н.Н.Ахметқалиев, Семей қалалық Білім бөлімінің өкілі Қ.Р.Ахметкулова, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, академик А.Қ.Құсайынов, «Ақшың» коорпорациясының «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті М.С.Құрманбай, Шәкәрім Университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор А.Исаұлы, Абай  атындағы  ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы ректор Д.Біләлов,  мектеп түлегі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Астана қалалық филиалының директоры Д.Кәпұлы және «Шабыт» шығармашылық тобы қатысты.

   Абай ауданының әкімшілігіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен, Семей қаласы Шәкәрім Университетінен қонақтар келіп, құттықтауларын жеткізді және ТМД мемлекеттерін, Ресей, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз елінен құттықтаулар келді.

    «Егеменді Қазақстан», «Қазақстан мектебі», «Білімді ел», «Семей таңы» сияқты республикалық, облыстық баспасөз беттерінде Қайнар орта мектебі туралы мақалалар жарияланды.   

     Мерейтой Семей қалалық әкімшілігінің жанынан  құрылған комиссияның бекіткен жоспары бойынша өтті.

      Қайнар орта мектебі 1922 жылы Абыралы өңіріндегі «Қаратұмсық» ауылында Тұрсынбай Дайырбековтың 2 бөлмелі үйінде бастауыш мектеп негізінде ашылған.

    1928 жылы мектепте бала санының көбеюіне байланысты мектеп үйі тарлық етті. Сондықтан мектеп «Киікқашқан» деген жерге көшірілді. Мектептің сол кездегі директоры Қапан Мұсайынов болды.

    1931 жылы Киікқашқандағы бастауыш мектеп Қайнарға көшіріліп, шаруа жастар мектебіне айналды.

     Мектеп 1934 жылы орталау мектепке, 1936 жылы орта мектепке айналды. 1941 жылы мектеп ең алғашқы түлектерін шығарды.

     1974 жылы мектеп жаңа типпен салынған мектеп үйіне көшірілді. 1983 жылы мектепке жерлес жазушы С.Бегалиннің есімі беріліп, С.Бегалин атындағы Қайнар орта мектебі болып аталды.

     Мектеп түлектерінен 4 министр, 15 академик, 12 ғылым докторлары мен профессорлар, 25 ғылым кандидаттары, 25 ақын-жазушы, журналистер шықты және ондаған адам республикалық дәрежедегі жоғары қызмет атқарды. 100 жылдық тарихы бар мектептен тек орта білім туралы кәмелеттік аттестат алып шыққандардың өзі 3289, оның ішінде 178 түлек мектепті алтын, күміс медальға және үздік аттестатқа, 5 түлек «Алтын белгіге» бітірді. Бір кезде Қайнар орта мектебінде оқығандар бұл күнде сан қилы мамандықтарға ие, еліміздің әр жерінде қызметтер атқарды және атқаруда. Соның ішінде 864 адам ауыл шаруашылығында еңбек етсе, 205 зоотехник, 110 экономист, 480 мұғалім, 230 дәрігер,115 инженер, 70-тен астам жоғары шенді милиция және әскерилер, 50 адам әдебиет пен өнер, баспасөз саласы қызметкерлері мамандықтарын игерді. 71 адам «Білім беру ісінің озық қызметкері», 3 адам «СССР халыққа білім беру ісінің қызметкері», 22 адам «Құрмет белгісі» ордені, 17 адам «Қызыл Жұлдыз» ордені, 23 адам «Еңбек Қызыл Ту» ордені, 4 адам «Халықтар достығы» ордені, 5 адам «Октябрь революциясы» ордені, 6 адам «Социалистік Еңбек Ері» атақтарын алды.

       Бүгінгі таңда  Бегалин атындағы жалпы орта білім берітін мектепте 177 оқушыға  35 мұғалім   білім  беруде. Оның  4 жоғары санатты, 5 бірінші, 2 екінші санатты, 11 мұғалім педагог-зерттеуші, 7 мұғалім педагог-модератор, 2 педагог-сарапшы. Мұғалімдердің барлығы жоғары білімді. Мектеп барлық пәндер бойынша кадрлармен толық қамтамасыз етілген.

100 жылдық мерейтой  кезінде  мектепті осыдан  50 жыл  бұрын бітірген 1972 жылғы түлектердің демеушілігімен «Ұстаздар стелласы», 1982 жылы бітірген түлектердің демеушілігімен С.Бегалиннің бюсті, 1989 жылғы түлектердің демеушілігімен жасалған интернационалист-жауынгер М.Рахметуллиннің бюсті ашылды.

  Мектебімізде ұстаздық қызмет атқарған ҚР білім беру ісінің үздігі А.Өскенбаевтың сөзіне жазылған, ҚР мәдениет қайраткері С.Қалыбековтың «Мектебім» әні мектеп әнұраны жұмыс комиссиясының  шешімімен бекітіліп, тұсаукесері өтті.

   Мектептің ардагер ұстаздарының ұрпақтарының демеушілігімен бірнеше кабинетке күрделі жөндеу жүргізіліп, заман талабына сай жабдықталған кабинеттердің ашылуы өтті.

   Атап айтқанда, Қ,Ғабдуллин мен К.Нұрбикенова атындағы  қазақ тілі, С.Сарсенбеков пен Ө.Жайкенова атындағы математика, М.Искаков атындағы  бастауыш сынып, Иманақышевтар әулеті атындағы мәжіліс залының салтанатты ашылуы болды. Сонымен қатар мектептің 1996 жылғы түлектерінің демеушілігімен жабдықталған биология кабинетінің салатанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

    Ардагер ұстаздар С.Түсіпбеков пен Қ.Аубакиров және А.Өскенбаевтың ұрпақтары тарих, география, математика кабинеттерін жаңартып, қайтадан жабдықтау жұмыстарын жүргізді.

     Мектеп түлегі Б.Орынбаевтың ұйымдастыруымен Абыралы өңірі мектеп оқушылары арасында «Өнерімнің өзегі болған, мерейлі мектебім» атты дәстүрлі көркемсурет көрмесі өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

    Мектеп түлегі  ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, академик А.Қ.Құсайыновтың және Шәкәрім Университетімен бірлесе отырып, ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстан құру кезеңінде ауыл  мектептерінің білім сапасын көтеру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

   100 жылдық тарихы бар мектепте еңбек еткен барлық ұстаздар туралы мәліметтер жинақталған «Ұстазға тағзым» атты энциклопедия жарық көрді.

   Мектеп түлегі ҚазССР қаржы министрі болған Р.Байсейітовтың 100жылдығы мен ақын Т.Ысмайловтың 90 жыл мерейтойына арналған іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Мектептің 100 жылдық мерейтойына арнайы дайындалған төсбелгілер мектептің ардагер ұстаздарына сыйлы қонақтар мен демеушілерге тапсырылды.

   Ұлттық ойындар ат жарыс, арқан тартыс, жаяу жарыс, аударыспақ, сияқты ұлттық ойындар және футбол жарысы өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлде қоры – 5 млн теңгені құрады.

   Қонақтар мен  ауыл тұрғындары мектеп түлегі ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Академилық балалар мен жасөспірімдер  театрының режиссеры Ф.Молдағалидің демеушілігімен келген өнер жұлдыздарының және мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттін тамашалады.