Бір ғасырлық тарихы бар мектеп

Бір ғасырлық тарихы бар мектеп

7 қазан күні Абай облысы Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 100 жылдық мерейтойына арналған «Бір ғасырлық тарихы бар мектеп» атты салтанатты жиын  қалалық мәдениет сарайында  аталып өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Салтанатты жиын мектептің гимнімен ашылып, мектеп оқушылары гимнді орындады. Мектептің арнайы бекітілген логотипі мен мектеп гимні 2011 жылы қабылданған. Гимнің сөзін журналист Сәтжан Қасымжанұлы, әнін сазгер, драматург, журналистер одағының мүшесі Жумабек Қамбаров жазған.

Абай облысы Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің– 1922 жылы құрылған

1922 жылы қазақ-қырғыз мектебі болып құрылды. Алғашқы мектеп директоры Тұрғанбаев Нұрмұқан Омарұлы.

1933жылдан 1941 жылға дейін жеті жылдық мектеп,  1956 жылдан орта мектеп болды.

1994 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің №113 қаулысы негізінде мектепке көрнекті ғалым математика академик, мектеп түлегі Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың есімі берілді.

Мектептің қазіргі мекен жайы С.Торайғыров көшесіндегі 121А. Ғимарат 1988 жылы пайдалуға берілген.

Мектепте Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім Меңкебану Сұлтанова,  оқу ағарту ісінің үздіктері Гүлбағи Ахметова, Дина Жаркеева, Хадиша Баймұратова, Раушан Жангельдина, Бейсен Жұмагелдин, Меңсафа Ильяшева, Рабиға Ахунова, Төкен Искаков. ҚР Білім беру ісінің үздіктері Жомарт Мархаметов, Нұркамал Рахметова.  ҚР Білім беру ісінің үздіктері, ардагер ұстаздар Тамара Кенесова, Клара Сабиханова, Нұржамал Жакиева, Надия Құлмұхаметова, Күлзия Ережепова, Қарлығаш Күникина, Күлшат Төлеуханова, Айсура Жампейсова, Күлзия Баймышева, ҚР Құрметті қызметкері  Ғазиза Мархабаева, Нуржамал Қожагуловна, Рахат Мұсақызы, Анар Мұратовна, Алмагул Рахимована, Фарида Кенесарықызы сияқты ардагер ұстаздар қызмет атқарды.

Мектеп түлектерінің ішінде:   Ақын Қасым Аманжолов, жазушы Сәду Машақов, композитор Бекен Жамақаев, Қазақстанның халық әртісі Әбілқасым Жаңбырбаев, әнші Болат Сыбанов, Ғылым докторлары: Төлеухан Садықұлов, Төлеубай Аманов, Жабағы Тәкібаев, Ғалия Төлеутаева, Хамит Жұмабеков, Жұмағали Есенбеков, Асхат Сейсенбаев, Айгүл Адильбаева, ғылым  кандидаттары: Рахым Мыңжанов, Ерғали Есенжолов, Еңбекшіл Омарханов, Нұргүл Мекишева, Төлеуғайша Ысқақбаева, Тулеутаев Рустем,  РҺ докторы Рахат Аймқұлов, Ош қаласының университет директоры Гүлнар Қатабаева, генерал Өркен Абдрахманов, полковник Миллат Құсайнов,Тоқтарқожа Болысбаев, Бітімбай Жүнісов, Серік Ақшекин, М.Мұздыбаев, жазушы Балтабек Ерсалимов, ақын, мемлекеттік сыйлық иегері Тыныштықбек Әбдікәкімов есімдерін мақтанышпен атауға болады.

              Ғасырға жуық жылдың ішінде мектеп 85 рет түлек ұшырды. Оның ішінде: Алтын медаль - 14,  Алтын белгі иегері - 15, күміс  медаль - 18,  үздік үлгідегі аттестатты - 68 түлек.

Мектепте «Абай әлеміне саяхат», «Адал ұрпақ», «Дебат» клубтары жұмыс жасайды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кунафина Гулнара Ағзанқызы 5-7, 8-9 сыныптардың «Абайтану» оқулығының,  Нұрлыбаева Жанар Нұрақымқызы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сыныптарға арналған «Атамұра» баспасынан шыққан «Қазақ әдебиеті» оқулығының, Оспанова Ләйлә Тоқабайқызы «Арман ПВ» баспасынан шыққан қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сыныптың «Қазақ тілі», жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының авторлары.

Мектептің жетістіктері:

2014 жылы «Шығыс Қазақстн облысының үздік мектебі» облыстық конкурсында ІІ орын;

2017 жылы облыстық «Мақтанышым мектебім» бейнероликтер конкурсында ІІ орын;

2018 жылы мектеп ұжымы қала мектептер арасында «Үздік орта білім беру мектебі»;

2019 жылы «Білім беру ұйымдары арасындағы облыстық ең үздік веб-сайт-2019» облыстық конкурсында ІІ орын;

2020 жылы қалалық көгалдандандыру байқауында жүлделі ІІ орын;

2020 жылы облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсында бас жүлде;

2020 жылы мектеп мұражайы «Қаладағы үздік мұражай»;

2020 жылы қалалық көгалдандандыру байқауында жүлделі ІІІ орын;

2020 жылы облыстық «Туған жердің табиғаты» фотосурет бейнероликтер конкурсында ІІ орын;

2021 жылы «Парасатты отбасы» облыстық байқауында бас жүлде;

2021 жылы қала мектептерінің «Үздік сайты».

  Бүгінгі таңда мектепте 1089 оқушы, 74 тәрбеленуші білім алуда. 89 педагог, оның ішінде: педагог –шебер-2, педагог-зерттеуші-20, педагог-сарапшы-13, педагог модератор-23, ғылым магистрі-11 жұмыс жасайды.