Жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқау өтті.

Жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқау өтті.

Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасындаҚабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған«Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты алғаш рет аймақтық деңгейде байқау өткізілді.

Байқаужазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандырумақсатында өткізілді.

Талантты оқушыларға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Асқар Жакулинатындағы  және Қабдеш Жұмаділов атындағықорлар.

Байқауға Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының барлық аудандары мен қалаларының дарынды оқушыларықатысты.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді:

1.«Тарих тудырған талант» номинациясы - Қабдеш Жұмаділовтің, тарих, мәдениет, елінің азаттығына, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты арнаған шығармашылығы жайлы эссе жазу.

  1. 2. «Қ. Жұмаділов – қазақтың көркем сөзіне, әсіресе тарихи жанрына елеулі үлес қосқан жазушы» жазушының ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген шығармаларынан жатқа үзінді оқу номинациясы.

Сондай – ақ,  жазушының ұлы, т.ғ.к., ҚБТУ қауымдастырылған профессоры, Жұмаділ Арман Қабдешұлы мен қатысушылар арасында кездесу ұйымдастырылып, әсерлі сұхбат жүргізілді.Сұхбат түрінде өрбіген кездесу барысындаоқушылар жазушының шығармашылығынан, ғибратты өмірінен сұрақтар қойып,  қойылған сұрақтар төңірегінде  қызықты жауаптар алды.

Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың екі номинациясының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 11; ІІ дәрежелі дипломмен - 15; ІІІ дәрежелі дипломмен - 19 оқушы марапатталды. Оның ішінде Абай облысынан жеңіске қол жеткізген:

І орын иегерлері 6 оқушы -  Серикказиева  Айзере, Аягөз, «№5 ЖББОМ» КММ; Әбілдаш Сымбат, Жарма, Бақыршық орта мектебі; Ерболқызы Дильназ, Бесқарағай,         «Глуховка орта мектебі» КММ; Мәлік Айша, Ақсуат,«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»; Нұртасұлы Заңғар, Абай         Көкбай атындағы ОМ;               Таңжарықов Ақылжан, Семей Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия.

ІІ орын иегерлері7 оқушы-  Темірбек Сезім, Жарма Абай атындағы мектеп-балабақша кешені; Қартқожанова Аяжан,Үржар «Қ.Төлеубеков атындағы орта мектебі; Қажымұхан Ұлдана,   Үржар «Жарбұлақ орта мектебі» КММ; Ақшекина Аяла,Абай, Шәкерім атындағы ОМ; Молиханова Іңкәржан, Абай, Жалпы орта білім беретін мектеп; Бақытбекқызы Назерке,        Ақсуат,Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ; Дюсешов Жанатбек, Көкпекті, А.С. Пушкин атындағы орта мектебі.

ІІІ орын иегерлері11 оқушы - Аманжол Арман,   Жарма, Қажыгелді атындағы негізгі мектебі; Қахар Айша,  Жарма, Бірлік орта мектебі;Нұрбек Жұлдыз,Жарма, Шакенов атындағы орта мектеп; Габасова Ажар, Жарма, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы; Сериккалиева Аружан, Аягөз,Бозтаев ат. ОМ; Сарсенова Айнұр,Үржар,"Мақаншы орта мектеп -бақшасы" КММ; Қанағат Дильназ, Көкпекті, «М. Әуезов атындығы орта мектебі» КММ; Досжан Аяжан, Серікқазина Еңлік, Семей, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия; Асқарбекқызы Шұғыла,Ақсуат, Тана мырза атындағыорта мектебі; Қанағатқызы Перизат,         Ақсуат, Ы.Кабеков атындағы орта мектебі.

Жүлдегерлерге дипломдар менқаржылай сертификаттар, барлық қатысушыларға сертификаттар және сыйлықтар (Қ. Жұмаділовтің әдеби кітаптары) табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Абай облысы «Дарын» ҒӘО