
Көркем және сәндік-қолданбалы өнер балалардың бос уақытын ұйымдастыруда маңызды орын алады. Ол баланың әлемді өзгертуге деген шығармашылыққа ұмтылысын байытады, ойлау жүйесін өзгертеді, даралықты, байқау қабілетін дамытады
Абай облысы білім басқармасының дарындылықты және қосымша білім беруді дамыту ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес 12-14 қыркүйек аралығында «Алтын қазына» көркем және сәндік – қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығы республикалық көрме – конкурсының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
Балалар мен жастардың шығармашылығы сарайының қолданбалы өнер студиясының жетекшісі С.М. Сайфуллинаның төрағалығымен қазылар алқасы бағалаған облыстың аудандары мен қалаларынан балалардың 98 үздік жұмысы қаралды. Байқау қорытындысы бойынша алты қатысушы республикалық кезеңге жіберілді:
Олар: Даулетова Дильназ-Аягөз қаласы, Ефимова София-Курчатов қаласы, Нүркелдина Альфия –Абай ауданы, Елтаев Ерсұлтан –Көкпекті ауданы, Чакербекова Фатима - Көкпекті ауданы, Естай Әділжан – Бесқарағай ауданы.
Қатысушыларымызға «Алтын қазына» көркем және сәндік - қолданбалы өнер балалар шығармашылығының республикалық көрме – байқауында жүлделі болуын тілейміз!