Меню

Страницы

Статья

Инклюзивті, арнаулы білім беру

Абай облысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың (бұдан әрі – ЕББҚ) саны артуда. 2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша облыстағы 196 757 кәмелетке толмаған баланың 6 545-і (3,3%) ЕББҚ бар балалар (2022 ж. – 5 164, 2023 ж. – 5 869, 2024 ж. – 6 201).

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте түзету көмегімен қамту деңгейі 90%-ды құрайды (2023 ж. – 73%, 2024 ж. – 85%). 2026 жылы бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған білім беру ұйымдарының желісі мыналарды құрайды: 

- Көру, есту, сөйлеу, интеллектуалдық даму бұзылыстары бар 672 бала оқитын 4 арнайы мектеп-интернат пен ЕББҚ бар балаларды қолдау орталығы (2022 ж. – 632, 2023 ж. – 656, 2024 ж. – 666); 

- психологиялық-педагогикалық түзетудің 10 кабинеті (бұдан әрі-ППТК) туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында кемістігі бар 566 тәрбиеленушіге кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

– ерекше білім беру қажеттіліктерін және арнайы білім беру жағдайларын анықтау, балаларды тексеру мен консультация беру, білім беру бағдарламасын белгілеу, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында облыс аумағында 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі-ПМПК) жұмыс істейді. 2025 жылғы 11 ай бойынша ПМПК қызметімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 3425 бала қамтылды (2022 ж.– 2805, 2023 ж. – 3301, 2024 г. -3403); 

– 2023 жылдан бастап Семей қаласында жобалық қуаттылығы 100 орынды құрайтын «Асыл Мирас» аутизм орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта жыл сайын аутизм спектрі бұзылыстары бар 300 бала қамтылады;

– 9 балабақшаның жанындағы мектепке дейінгі ұйымдарда 297 баланы қамтитын 22 түзету тобы жұмыс істейді, оларда инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған.

2024 жылы Семей қаласында қосымша 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы топтар ашылды: «QAMQOR» – 12 орын, «Nimаt Kids» – 50 орын, барлығы 62 орын.

– барлық мұқтаж балаларға коррекциялық қолдау көрсету мақсатында облыс бойынша 427 баланы қамтыған 19 инклюзияны қолдау кабинеті (бұдан әрі - ИКК) бар.

2023 жылы Семей қаласында 2 ИКК, 2024 жылы – 4 ИКК (Семей–2, Бесқарағай–1, Аягөз–1) ашылды.

2025 жыл соңына дейін қосымша 5 кабинет (Семей–1, Ақсуат–1, Үржар–2, Көкпекті–1) ашу жоспарлануда.

2023 жылғы 28 наурыздағы №249 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасына» сәйкес, Абай облысында 2024 жылға жоспарланған инклюзивті білім беру бойынша нысаналы индикаторлар орындалды.

2023 жылы 89 білім беру ұйымында, 2024 жылы 84 білім беру ұйымында кедергісіз қолжетімділік жағдайлары жасалды.

Адаптация үлестері артты: балабақшаларда – 70%-ға дейін (218 бала), мектептерде – 90%-ға дейін (2057 оқушы), колледждерде – 80%-ға дейін (143 студент). 

2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, қосымша 54 білім беру ұйымында (13 балабақша, 37 мектеп, 1 колледж, 1 арнайы мектеп-интернат, 1 білім бөлімі, 1 қосымша білім беру ұйымы) кедергісіз орта құру көзделуде. Бұл мектептердегі бейімделу үлесін 95%-ға, балабақшаларда – 80%-ға, колледждерде – 90%-ға жеткізуге және облыстағы инклюзивті білім беру бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 39 нысанда жұмыстар аяқталды (72%).

Соңғы 3 жылда Абай облысында инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім алуды қажет ететін балаларды қолдауға арналған арнайы мекемелерді құру бойынша елеулі қадамдар жасалды.

2023 жылы келесі ұйымдар ашылды:

– облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация,

– Семей қаласындағы «Асыл Мирас» аутизмді қолдау орталығы, 

– Абай ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (КППК).

Бұл шаралар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға коррекциялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
24 ноября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

07 марта 2025
Тәрбие және профилактикалық жұмыс
14 марта 2024
Облыс тұрғындары мен қонақтарының назарына!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы