Меню

Страницы

Статья

Тәрбие және профилактикалық жұмыс

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда.

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру мақсатындағы жаңартылған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы  басқарма және            департамент келісімімен облыс әкімі орынбасарымен бекітілген кешенді жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес.

Бағдарлама Абай облысындағы 304 орта білім беру ұйымында, 32 колледжде, 7 жекеменшік мектепте, 26 қосымша білім беру және 24 арнайы білім беру ұйымындарда іске асырылуда.

«Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы – ұлттың жаңа келбетін қалыптастыруға бағытталған, Абай облысындағы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүргізудің нақты тетігі ретінде айқындалған. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, келесі тәрбие құндылықтары арқылы іске асырылуда: «Тәуелсіздік пен патриотизм», «Бірлік пен келісім», «Әділеттілік пен жауапкершілік», «Заң мен тәртіп», «Еңбекқорлық пен кәсіби құзыреттілік», «Жасампаздық пен инновация». Бағдарламаның жүзеге асырылу барысына талдау жүргізілді.

 «Адал азамат» қалыптастыратын бағдарламаның құндылықтары  күн сайын болса, апта сайын іске асырылатын күнделікті «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы», «Өнегелі 15 минут» , «Үнемді тұтыну», «Күй күмбірі» іс-шаралары ұйымдастырылып, 105-мыңға жуық шәкіртті қамтыды.

Апта сайын «Менің Қазақстаным», «Апта дәйексөзі», «Қауіпсіздік сабағы» сияқты іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіледі.

Жас тұлғаны адал азамат етіп тәрбиелейтін тәрбие тетігі боп отырған бағдарлама мазмұнына сәйкес облысымыздың білім беру мекемелерінде 6 әлеуметтік жобамен  жұмыстар  жүргізіліп,  103000-нан астам жуық білім алушы қамтылуда:

-        «Қамқор» әлеуметтік жобасын 88,2%

-        «Шабыт» -89,5%

-        «Еңбегі адал жас өрен» - 80%

-        «Smart bala» - 80,5%

-        «Ұшқыр ой алаңы»» - 79,5%

-        «Балалар кітапханасы» - 77%

«Адал Азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста мынадай жобалар енгізілуде:

-      «Бірлік және ынтымақ»  жобасы /толерант тылық және пат риотизм принципіне негізделген/  Мақсаты: Көпмәдениетті ортадағы оқыту мен оқу процесінде білім алушылар, ата-аналар, педагогтердің толеранттылық дағдысын қалыптастыру, патриотизм және толеранттылықты білім беру мекемелерінде насихаттау

  • «Толық адам» ілімі негізінде ата-аналар институтын қалыптастыру» облыстық жобасы;  Мақсаты: Ата аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру жауапты позитивті ата аналарды қалыптастыру.

-      «Өнеге. Тәлім. Тәрбие» жобасы  /даналық мектебі аясында ардагер ұстаздармен үйлестірілген/

-      «10 кітап-бір мақсат» жобасы / Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздіксіз білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру және оқу арқылы педагогикалық тәжірибені жаңарту./

-      «Қыздар тәрбиесі: дәстүр және заманауи үдерістер» жобасы

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық дәстүрлер, отбасындағы және қоғамдағы қазіргі заманғы мінез-құлық нормалары негізінде қыздарды тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін құру.

Дата публикации
07 марта 2025
Дата обновления
24 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

07 марта 2025
Тәрбие және профилактикалық жұмыс
14 марта 2024
Облыс тұрғындары мен қонақтарының назарына!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы