Психологиялық жұмыс бөлімі басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Абай облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы" КММ, Жамақаев көшесі 140, пошталық мекен-жайы: 071400, Семей қ., Кайым Мұхамедханов 8, электрондық мекен-жайлары: centr.psychology.abay@gmail.com, инст: @centr_psychology_abay; телефондар 87711763389, 87083640756 өңірлік орталықтың психологиялық жұмыс бөлімі басшысының қазақ және орыс тілдерінде бос лауазымының бар екендігі туралы хабарлайды

     Өңірлік психологиялық қолдау орталығының психологиялық жұмыс бөлімі басшысының негізгі функционалдық міндеттері:

  • ПКО психологиялық бөлімінің қызметін ұйымдастырады және басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, педагог-психологтардың жұмысын үйлестіреді;
  • әдіскерлерді (психологтарды) және педагог-психологтарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, кәмелетке толмағандарды сүйемелдеу және оларға кеңес беру әдістемелерін игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
  • психологиялық жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • педагог-психологтарды аттестаттау және біліктілігін беру (растау) рәсіміне дайындауға қатысады;
  • Бөлім жұмысының нәтижелерін талдайды және жинақтайды, диагностикалық, есепті және талдамалық құжаттаманы жүргізеді, бөлім қызметінің нәтижелерін бақылайды, талдайды, жинақтайды және әкімшіліктің назарына жеткізеді, бөлім қызметінің перспективалық бағдарламасын жасайды;
  • психологиялық көмектің әртүрлі түрлерін (психокоррекциялық және консультациялық) көрсету бойынша шаралар қабылдайды);
  • педагог-психологтар мен ПКО әлеуметтік педагогтарына әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастырады;
  • білім беру процесін психологиялық қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша бейінді ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • психологтардың жұмысын үйлестіреді (бетпе-бет консультациялар, сенім телефоны), олардың жұмыс уақытының есебін жүргізеді;
  • қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді, бөлім қызметінің есебін және мониторингін жүргізеді;
  • әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
  • психологиялық көмек көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы бағдарламаларды түзетуге және жаңа бағдарламаларды, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады;
  • әдістемелік жұмысты жүргізуге қатысады;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қорғау ережелерін сақтайды;

Еңбек жағдайлары: толық жұмыс күні (9.00-18.00), 2 демалыс күні (сенбі, жексенбі), әлеуметтік және еңбек кепілдіктері еңбек заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі (демалыс, аурухана парағы, кәсіподақ және т. б.); жалақы мөлшері еңбекақы саласындағы заңнамамен реттеледі, жұмыс өтіліне, қызметкердің біліктілік санатына байланысты 178 740  -нан 210 594  теңгеге дейін құрайды.

Біліктілік талаптары ҚР БҒМ педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009.07.13 № 338 бұйрығымен регламенттеледі (жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.04.30 № 169 бұйрығымен): тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім ("Психология" немесе "Психология және педагогика"), психологиялық-педагогикалық жұмыс және (немесе) педагогикалық жұмыс және практикалық психология өтілі кемінде 3 жыл;және (немесе) "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер"біліктілігінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 22 тамыздан 2 қыркүйекке дейін (хабарландыру берілгеннен бастап 7 күн)

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы"ҚР ДСМ міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Дата публикации
23 августа 2024