Директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Абай облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы" КММ, Жамақаев көшесі 140, пошталық мекен-жайы: 071400, Семей қ., Кайым Мұхамедханов 8, электрондық мекен-жайлары: centr.psychology.abay@gmail.com, инст: @centr_psychology_abay; телефондар 87711763389, 87083640756 өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының бос лауазымына қазақ тілін меңгерген маман қажетекендігі туралы хабарлайды.

Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының бөлім басшысының директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының негізгі функционалдық міндеттері:

  • ПКО қызметін негізгі бағыттар бойынша жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды;
  • ӨПКО жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ПКО бөлім басшылары мен мамандарының жұмысын үйлестіреді;
  • өткізілетін іс-шараларды бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеуді дайындауға басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
  • өңірлік құрылымдардың қызметкерлеріне консультация беруді, олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
  • әдіскерлерді аттестаттауға және біліктілік санатын беруге (растауға) даярлауды ұйымдастырады;
  • ПКО-ны әдістемелік қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді, білім беру ұйымдарының, аудандық, қалалық психологиялық қолдау кабинеттерінің, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық алаңдардың тәжірибесін талдайды және қорытады, ақпараттық материалдар дайындайды;
  • есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • әдістемелік жұмысты іске асыру бойынша ПКО қызметін үйлестіреді, әдістемелік жұмыс бөлімі қызметінің мазмұнын айқындау бойынша жұмысты басқарады;
  • әдістемелік бөлімнің көрсеткіштерін қадағалайды, талдайды, қорытады, мониторинг және статистика жүргізеді және жетекшілік ететін бағыт бойынша ПКО қызметінің нәтижелерін жоғары тұрған басшылықтың назарына жеткізеді, оның даму жолдарын болжайды, бөлім қызметінің перспективалық бағдарламасын әзірлеуге басшылық жасайды;
  • әртүрлі органдар мен ұйымдардың, бөлімшелердің басшыларымен, бейінді ұйымдармен және мекемелермен психологиялық жұмысты қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • психологиялық көмектің әртүрлі түрін (консультациялық, психокоррекциялық және оңалту) көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
  • білім беру ұйымдарында шұғыл (дағдарысты) жағдайлар туындаған кезде психологиялық көмек көрсету мақсатында жедел ден қоюды ұйымдастырады;
  • білім берудің әртүрлі деңгейіндегі психологиялық қызметтердің жұмысында пайдаланылатын диагностикалық әдістемелердің тізбесін әзірлеуге және жасауға басшылық жасайды;
  • әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
  • психологиялық көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы бағдарламаларды түзетуге және жаңа оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады.
  • өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады;
  • білім алушылардың, педагог қызметкерлердің және ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
  • білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды және таратуға жәрдемдеседі;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Еңбек жағдайлары: толық жұмыс күні (9.00-18.00), 2 демалыс күні (сенбі, жексенбі), Әлеуметтік және еңбек кепілдіктері еңбек заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі (демалыс, аурухана парағы, Кәсіподақ және т. б.); жалақы мөлшері еңбекақы саласындағы заңнамамен реттеледі, жұмыс өтіліне, қызметкердің біліктілік санатына байланысты 203 516-ден 233 600 теңгеге дейін құрайды.

Біліктілік талаптары ҚР БҒМ педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009.07.13 № 338 бұйрығымен (жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.04.30 № 169 бұйрығымен) регламенттеледі: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі психологиялық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлау, психологиялық-педагогикалық жұмыс және(немесе) педагогикалық жұмыс және практикалық психология өтілі кемінде 5 жыл;

және (немесе) «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» немесе «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе білім беру ұйымының «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе - «көшбасшы»біліктілік санатының болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 22 тамыздан 2 қыркүйекке дейін (хабарландыру берілгеннен бастап 7 күн)

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Дата публикации
23 августа 2024