2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Бекітілсін:
2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2024-2025 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.
2..«Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев