Ақпарат

 

Жетіжар ауылдық округтің аумағы 193805 га құрайды. Округ тұрғындарының саны-1369 адам. Оның ішінде қазақтар-1228, орыстар-107, татарлар-20, белорустар-1 және немістер-8 адам. Өзін өзі қамтыған адамдар – 479, жалдамалы жұмыста-460, жұмыс берушілер-4, жеке кәсіпкерлер-9, жұмыссыздар-3, жұмысқа жарамсыз адамдар-414

 Округтегі аулалардың жалпы саны – 345, Жетіжар ауылында – 170, Кривинка ауылында – 114, Лесной ауылында – 33 аула, Грачи ауылында-26 аула.

         Есептік кезең ішінде ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығында келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:

Ірі қара мал 01.02.2023 ж– 5635 бас болса, 01.02.2024 ж– 5636 бас, немесе   100 %,;

ұсақ мал 01.02.2023 ж – 6271  бас  болса, 01.02.2024 ж –  5406  бас немесе 86 %, жылқы 01.02.2023 ж – 2205 бас  болса, 01.02.2024 ж – 2529 бас немесе 115 %,

құс 01.02.2022 ж –  3240 бас  болса, 01.02.2024 ж –  3265 бас немесе 101 %,

Округте  56  шаруа қожалығы, 9 ЖШС тіркелген.

 

«Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша БайтемировАйдар Семияр орта мектебінде жұмысын қазан айына дейін жалғастырады, «Әлеуметтік жұмыс орны» бойынша «Мұқатай Түсіпқан» фермерлік шаруашылығына Түсіпқан Жанарбек 2024 жылғы  1 наурыздан жұмысқа шығады. Жастар тәжірибесі бойынша 1 адам Кривинка орта мектебінде Сулейманова Куралай 2024 жылы  жұмысын жалғастырады.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға «Манап и К» ЖШС -2 адам Оспанов Ерлан және Хасенов Тасболат жұмыс істеп жүр. «Кайдарова» жеке кәсіпкерінде Айдарханов Жанарбек, «Алянура» жеке кәсіпкерінде Тлеугабылов Адлет, «Зияданова» жеке кәсіпкерінде Попович Екатерина, «Айдос-5» шаруа қожалығында Мустафин Рымбек, Жетіжар ауылдық округінде 3-адам Жетіжар ауылында Кожабаева Гуляим, Татимбетова Айгерім, Кривинка ауылында Базархан Құмаш жұмысқа тартылды.

2024 жылы «Күміс жас» бағдарламасы бойынша Грачи ауылында «Айдос-5» шаруа қожалығына Толеубаева Жаннат Ахатовна жұмысқа тартылды.

Тұрақты жұмыс орнына Жетіжар ауылдық округі Кривинка ауылына -1 адам Садуакасова Майгуль Серикановна хатшы болып жұмысқа орналасты.

 

 

 

Ақпарат
Дата публикации
28 февраля 2024