Өкімдік құжаттардың бір түрі — бұйрық.
Бұйрық дегеніміз - өндірістік не кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты қандай да бір міндеттерді шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.
Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, қайта құрылу, қайта ұйымдастырылу, оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелерібойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады.