«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35–бабы 2–тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, 2023 жылдың 28 наурызындағы Абай облысының облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес және Қарабас ауылдық округі Қарабас ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарабас ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы:
«Гагарин» көшесі «Қазыбек Би» көшесі болып қайта аталсын.
- Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы:
«Целинная» көшесі «Нұрлы Жол» көшесі болып қайта аталсын.
- Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы: «Титов» көшесі «Ақбидай» көшесі болып қайта аталсын.
- Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы: «Больничная» көшесі «Жібек Жолы» көшесі болып қайта аталсын.
- Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы: «Ворошилов» көшесі «Береке» көшесі болып қайта аталсын.
- Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы: «Киров» көшесі «Байтақ» көшесі болып қайта аталсын.
- Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы: «Степная» көшесі «Ақдала» көшесі болып қайта аталсын.
- «Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;
3) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.