GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Все материалы
10 июня 2026
Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Абай облысы бойынша филиалында 2026 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды. Өтініштерді талдау нәтижесінде өңір тұрғындарының көбіне құжат рәсімдеу, көлік құралдарын тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу қызметтеріне жүгінетіні белгілі болды.

 

Өтініштер саны бойынша бірінші орынды Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен паспорттарын беру қызметі иеленді. Абай облысының ХҚКО-ларында белгіленген жасқа толуына, дербес деректерінің өзгеруіне, құжаттарының жоғалуына немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты құжаттарды рәсімдеу және ауыстыру бойынша шамамен 29 мың қызмет көрсетілді.

 

Екінші орында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қызметі тұр. Бұл бағыт бойынша өңір тұрғындарына көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуге қатысты 20 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

 

Үшінші орынды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметі иеленді. Бұл бағыт бойынша 16 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтар сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлік және жылжымайтын мүлікке қатысты өзге де мәмілелер кезінде меншік құқығын тіркеу үшін жүгінеді.

 

«Бұл қызметтерге деген жоғары сұраныс өңір тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешу үшін мемлекеттік сервистерді белсенді пайдаланатынын көрсетеді. Біздің міндетіміз – өңірдің әрбір тұрғынына сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Үмірзахов.

 

Өткен жылмен салыстырғанда ең сұранысқа ие қызметтердің құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Облыс тұрғындары бұрынғыдай құжат рәсімдеу, көлік құралдарын және жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтеріне жиі жүгінеді. Бұл аталған мемлекеттік қызметтерге деген тұрақты сұранысты көрсетеді.

 

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта қолжетімді болғанымен, ХҚКО-лар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің маңызды буыны болып қала береді. Олар азаматтарға қажетті қызметтерді, кеңес беруді және қолайлы форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

 
08 июня 2026
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.

 

Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.

 

Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.

 

Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.

 

Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.

 

Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.

 

Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.

 

ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.

 

Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.

 

Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған.

 


 

[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

08 июня 2026
Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобалар басталады

16 мамыр күні Мемлекет басшысы адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді әрі бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап оқуды кеңінен дәріптеу, кітапхана ісіне тың серпін беру және азаматтардың білім алу мүмкіндігін арттыру жөнінде бірқатар жобаны жүзеге асыруды бастады.

Аталмыш бағыттағы жобалардың бірі – 2026 жылдың қыркүйегінде басталатын «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы. Негізгі мақсат – кітапсүйер қауымның қатарын көбейту және оқырман мәдениетін қоғамда кеңінен насихаттау. Жоба аясында жыл сайын әртүрлі жас санаты бойынша ең белсенді оқырмандар анықталып, кітапқа деген қызығушылықты арттыратын үздік өңірлік бастамалар айқындалады.

Сонымен қатар азаматтарға кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындау жоспарланып отыр. Бұл марапат кітапханашылар, педагогтер, журналистер, баспагерлер, жазушылар, қоғам қайраткерлері және креативті индустрия өкілдерінің еңбегіне берілетін жоғары бағаның белгісі болмақ.

Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан дамытуға айрықша басымдық беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру жұмысын бастады. Жаңа платформа электронды каталогтарды, цифрлық қорларды, білім беру ресурстарын және пайдаланушыларға арналған заманауи сервистерді бір жүйеде біріктіруге мүмкіндік береді. Ұлттық цифрлық кітапхана платформасының арқасында еліміздің кез келген тұрғыны тұрғылықты жеріне қарамастан отандық әдебиетті, ғылыми еңбектерді, сирек кітаптар мен архивтік материалдарды еркін пайдалана алады.

Кейінгі бес жылда электронды форматтағы кітаптарды оқу көрсеткіші 9 миллионнан асты.

Елімізде заманауи кітапхана ісін дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Тек 2025 жылдың өзінде үш жаңа кітапхана ашылып, қала және ауылдық жерлердегі 36 кітапхана заман талабына сай жаңғыртылды. Биыл тағы 30 нысанды жаңарту жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет ресурсы 

Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобалар басталады

Қызмет бағыты
08 июня 2026
Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды
 
29 мая 2026
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
  1. Ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) қайта қарау және жаңа мөлшерлерін қабылдаудың мақсаты қандай?

ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты – болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ салымшының зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен кірісті алмастыру коэффициентін кезең-кезеңімен арттыру. Бұл ретте ең төменгі халықаралық стандарттар ескеріледі. Еске салсақ, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) талаптарына сәйкес, кірісті алмастыру коэффициенті кемінде 40% болуы тиіс.

Жаңа әдістеме бойынша ТЖШ мөлшерін есептеу нақты өмір жағдайлары және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатылмақ. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткілікті көлемде жинақсыз қалу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

  1. Ең төменгі жеткіліктілік шектері қалай айқындалады? Қандай факторлар ескеріледі?

Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштеріне сүйене отырып анықталады және әрбір салымшының жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы негізінде есептеледі.

Формула ұзақмерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістіліктің пайыздық мөлшерлемелері және төлемдерді индекстеу) факторларды қамтиды. Бұл тәсіл азаматтардың болашақ төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол мақсатты төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті жинақ көлемін айқындауға мүмкіндік береді және макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне тәуелділікті азайтады деп күтілуде.

Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге негізделеді. Атап айтқанда: жасына байланысты ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері. Бұл көрсеткіштер жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған кезде, зейнетақы шотында болашақтағы төлемдерді қамтамасыз етуге жеткілікті сома қалатыны міндетті түрде ескеріледі.

  1. Қабылданып жатқан өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қалай әсер етеді?

Қолданыстағы ТЖШ есептеу әдістемесіне сәйкес, егер салымшы зейнетақы жинақтарын шектен асқан сомасын пайдаланса, болашақта зейнетке шыққанда шамамен 50 мың теңге көлемінде ғана төлем алуы мүмкін. Бұл қазіргі күнкөріс деңгейіне (КД) шамалас көрсеткіш. Бұл ретте қазіргі Әдістемеде салымшы зейнет жасына дейін міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлей береді деген болжам қарастырылған. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде төленбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қолданыстағы ТЖШ мөлшері күтілетін ең төменгі төлемдерді қамтамасыз ете алмайды. Соның салдарынан болашақтағы төлем көлемі күнкөріс минимумынан да төмен болуы ықтимал. Тіпті жарналар тұрақты төленіп, жинақтар қолданыстағы ТЖШ деңгейінде сақталған күннің өзінде, шамамен 50 мың теңге мөлшеріндегі жинақтаушы зейнетақы  қазіргі медиандық жалақының 15%-ына да жетпейді.

Анықтама үшін: Медиандық жалақы – бұл бүкіл ел үшін де, жекелеген аймақтар мен елді мекендер үшін де жалақыны есептеуге мүмкіндік беретін ел халқының кірістерін талдау үшін қолданылатын алғышарттардың бірі. Медиандық жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш: жұмысшылардың жартысы медианнан көп, ал екінші бөлігі бұл мәннен аз алады. Ол табыс жағдайын дәлірек көрсетеді. Алайда, ол әртүрлі факторлар, мысалы, экономикалық өсу, инфляция, еңбек нарығының жағдайы және саяси шешімдердің әсерінен өзгеруі мүмкін екенін ескеру қажет,

Жаңа қабылданатын ТЖШ әдістемесіне сәйкес, егер салымшы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдаланса, болашақтағы зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері медиандық жалақының шамамен 40%-ына жақындайды. Бұл ретте, жаңа Әдістемеде ТЖШ мөлшері болашақ жарналарға, көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне тәуелді болмайды. Есептеу ұзақмерзімді факторларға негізделеді. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық статистика негізінде тұрақты түрде жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелері де бар. Соның нәтижесінде азаматтар үшін болашақ зейнетақы мөлшері анағұрлым болжамды болады әрі кезең-кезеңімен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің мақсатты көрсеткіштеріне жақындай түседі.

Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері салымшының жасына байланысты белгіленеді. Салымшының жасы ұлғайып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қойылатын талаптар да артады. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде халықаралық стандарттарға жақын деңгейдегі табыс алуына мүмкіндік беру мақсатында енгізіліп отыр.

Осылайша, жаңа модель ТЖШ есептеу жүйесін нақты жағдайларға және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатып, азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткіліксіз жинақпен қалу қаупін төмендетеді.

 

  1. Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану мүмкіндігіне қалай әсер етеді? Жинақты пайдалану қиындай ма?

 

ТЖШ мөлшерінің ұлғаюына байланысты, азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі қысқаруы мүмкін. Себебі зейнетақы шотында сақталуы тиіс ең төменгі сома көлемі артады.

Сонымен бірге:

  • зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану тетіктері сақталады;
  • тек ТЖШ-дан асатын қаражатты ғана пайдалануға болады;
  • ТЖШ-ға қатысты шектеулер болашақта жеткілікті деңгейдегі зейнетақы жинақтары мен төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

Қызмет бағыты
29 мая 2026
БЖЗҚ жыл басынан бері 21,5 миллионнан астам қызмет көрсетті

БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жарналарын жинақтау және болашақта олардың төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинақтап қана қоймай, олардың болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ өз қызметінде отандастарымызға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады.

01.01.2026ж. мен 30.04.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 21,5 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 11,7 млн-ы электрондық форматта, 9,4 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,8%-ын құрады. Салымшыларға 267,4 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 260,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. 

Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 790,0 мыңға жетті. 

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 12,3 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 10,8 млн-ы – электрондық, ал 1,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Жыл басынан бері салымшылардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруға аударуға 32,2 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.

Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 38,4 мың өтініш қабылданды. Оның 36,2 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. 

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 20,5 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 413,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 13,4 мың материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 159,0 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Қызмет бағыты
21 мая 2026
Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты

 

Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ)  зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.

ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2026 жылғы 3 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 271,4 млрд теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен - 34,1 млрд теңге болды.

Ал ИПБ инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша 2026ж. есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 01.04.2026 ж. 1,56 млрд теңгені құрады.

Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді. Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен. Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 478,77 теңгеге дейін төмендеді.

Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі.  1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 970,03% инфляция кезінде 1 184,74% құрады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін)  жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,54 трлн теңге болды. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 40,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.

Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады (www.enpf.kz).

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Қызмет бағыты
21 мая 2026
01.05.2026 жылғы жағдай бойынша "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы сомасы 53,09 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді.

 Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 33,39 млн АҚШ долларына 187 597 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 19,70 млн АҚШ долларына 110 298 өтініш қанағаттандырылды.

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (32,72 млн АҚШ долларына 183 436 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 232,77 мың АҚШ долларына 1425 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш.

Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (18,51 млн АҚШ долларына 101 899 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (801,29 мың АҚШ долларына 5 796 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (308,59 мың АҚШ долларына 2 075 өтініш орындалды) төлем жасау. 

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.

Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :

- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;

- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;

- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.

 

18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша,  eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.

 

Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:

  • eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

 

Ағымдағы жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.

Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:

  • "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),
  • "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).

 

Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:

 

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0


           «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0


«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша

«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk

https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk

 

«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:

https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc

https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ


«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: 

https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA

https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Қызмет бағыты
06 апреля 2026
1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке іріктеу толық цифрлық форматқа көшті.

Енді конкурсқа қатысу толық онлайн: өтініштер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы қабылданады. Бұл уақытты үнемдеп, үдерісті барынша қолжетімді етеді.

Кандидаттар:
- заңнаманы білу тестінен;
- жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді.

📊 Тестте 55 сұрақ. Кем дегенде: 30 дұрыс жауап және әр заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап.

Жеке қасиеттерді бағалау 3 бағытта өтеді:
- басшылық лауазымдар;
- басшылық емес лауазымдар;
- тәжірибе талап етілмейтін төменгі лауазымдар.

Нәтижелер 1 жылға жарамды. Тестті айына 3 ретке дейін тапсыруға болады.

Конкурсқа ТОП-5 кандидат өтеді.
📄 Құжаттар онлайн тапсырылады.

Іріктеу кезеңдері:
- басшылар: эссе + онлайн сұхбат;
- басқа лауазымдар: практикалық тапсырмалар.

Барлық нәтижелер автоматты түрде есептеледі. Ашықтық үшін (сұхбаттан басқа) барлық кезеңде прокторинг қолданылады.

⚡ Конкурс мерзімі қысқарды:
5-7 жұмыс күні (бұрын 23-30 күн). Жаңа жүйе – ашық, әділ және тиімді іріктеу. Мемлекеттік қызметке жол енді бұрынғыдан да қолжетімді!

@elgeqyzmet.abai
#АДГС #мемлекеттікқызмет #госслужба

19 марта 2026
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа[1] (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енгеніне алты жыл болды. Бұл Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарын реттейді.

Еске сала кетейік, Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлеріне зейнетақы құқықтарын қалыптастыру және іске асыру үшін олар жұмыс істейтін мемлекеттің азаматтарымен тең жағдай мен бірдей тәртіпті қамтамасыз ету.

 

Тарихы

2019 жылғы 20 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп, онда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары Келісімге қол қойды.

Келісім ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерде ратификацияланғаннан кейін, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың басқа ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтін азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, сақтап және жүзеге асыра алады. Енді ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін өз заңнамасына сәйкес зейнетақы төлейді. Егер еңбеккердің бір мемлекет аумағында жинаған еңбек өтілі зейнетақы тағайындауға жеткіліксіз болса (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда), онда басқа ЕАЭО елдерінде, соның ішінде Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған еңбек өтілі де ескеріледі. Бұл ретте бір мезгілде сәйкес келетін еңбек өтілі есепке алынбайды. Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмыс істейтін мемлекеттерінде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын міндетті түрде ресми рәсімдеуі тиіс, яғни еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасауы қажет.

 

Қазақстанда Келісімді іске асыру

Қазақстанда Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) зейнетақы жарналарын төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнет жасына жеткенде немесе I және II топтағы мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға қатысты құқықтық қатынастарға қолданылады.

Мысалы, егер Қазақстан азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше елдердің бірінде  еңбек өтілін (мысалы, 3–5 жыл) жинаса, онда зейнетке шығу құқығы туындаған кезде (зейнет жасына жету, қажетті еңбек өтілінің болуы) мигранттың өз елінің аумағында жұмыс істеген кезеңі үшін сол елдің зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Қазақстан азаматы зейнетақыны тағайындау және төлеу туралы өтінішті тиісті ЕАЭО мүше мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға бере алады.     

Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеуге қажетті құжаттар тізбесі әрбір ЕАЭО мүше  мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

 

Құзыретті органдар

Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар – «БЖЗҚ» АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті, олардың аумақтық бөлімшелері.

БЖЗҚ 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі жөніндегі деректер негізінде ұсынады.

Сонымен қатар БЖЗҚ-ға мына мәселелер бойынша жүгінуге болады:

  • мәліметтер мен құжаттарды қабылдау және өңдеу;
  • зейнетақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
  • зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру және жеткізу.

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жүгіну қажет.

 

Келісімнің статистикалық көрсеткіштері

Келісімді іске асыру аясында Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • Қазақстан аумағында жұмыс берушілермен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 105 029 азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылды.

Бұл ретте Қазақстан заңнамасына сәйкес, егер БЖЗҚ-да зейнетақы жарналары есепке алынатын шоттар ашылмаған болса, алғашқы жарна түскен кезде мұндай шоттар автоматты түрде, яғни өтінішсіз тәртіпте ашылады.

  • БЖЗҚ ЕАЭО елдерінің 291 азаматының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерін қабылдап, орындады. Оның ішінде:
  • 266 еңбеккерге Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды;
  • 25 мұрагерге еңбеккерлердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.
  • Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретті органдары:
  • Қырғызстан мен Ресей Федерациясының аумағында еңбек шарты негізінде жұмыс істеп, олардың зейнетақы жүйесіне сақтандыру жарналарын аударған Қазақстанның 26 азаматына жасына байланысты / қарттық бойынша / мүгедектік бойынша өмір бойғы зейнетақылар тағайындады;
  • Қазақстанның 2 азаматының қайтыс болуына байланысты 4 азаматқа асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындады.

Статистика көрсетіп отырғандай, Келісімнің қолданылу мерзімі салыстырмалы түрде қысқа болғанына қарамастан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Одақ елдерінде өздерінің зейнетақы құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілді. Бұл қабылданған құжаттың негізгі мақсатына қол жеткізілгенін білдіреді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

[1]Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Қазақстан мүше болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы