Округ бойынша үй шаруашылықтардың саны 400, оның ішінде Қарағайлы ауылында – 219, Башкөл ауылында – 98, Бөкебай ауылында – 83, округте 266 ауланың жеке қосалқы шаруашылығы бар. Ірі қара мал саны – 4547 бас, ұсақ мал – 5035 бас, жылқы – 2922 бас, құс – 7724 бас болды.
Ветеринариялық іс-шаралар эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде. Қарағайлы және Башкөл ауылдарында екі қарабайыр мал қорымы бар. Жалпы, Баскөл ауылдық округінде эпизоотиялық жағдай қолайлы. Көктемгі мал бағу маусымы басталуымен, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, жазғы жайылымға шығатын мал табындары ұйымдастырылды. Округ бойынша 9 табын ірі қара, 5 табын ұсақ мал, 3 табын жылқы бар.
Шаруа қожалықтары биылғы жылы 21835,6 га аумаққа егістік жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде: бидай – 4834 га, арпа – 210,1 га, сұлы – 67,4 га. Майлы дақылдар- 14852,9 га, біржылдық шөптер-100 га, көпжылдық -904,7 га. Картоп – 22 гектар, көкөніс – 4 гектар.
Қатаң мал азығын дайындау үшін тұрғындарға мал басынын санына байланысты, елді мекен жерінен маусымдық жер телімдері бөлінді. Жергілікті жерде шабылған шөптің бағасы ауылдық қоғамдық кеңес өкілдерімен келісіледі.
Негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығына инвестицияның жалпы сомасы –981,665 млн.теңгені құрады.