Округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді: Н.Баймұратов атындағы орта мектеп оқушылар саны – 122, Башкөл негізгі мектебі-51 оқушы. Н.Баймұратов атындағы орта мектеп базасында шағын орталықтар жұмыс істейді, 20 бала, Башкөл негізгі мектебі базасында шағын орталық, 10 бала тәрбиеленуде.
Биылғы жылы "Н.Баймұратов атындағы орта мектеп" КММ мектептің жылу қазандығына жөндеу жүргізілді, 2 қазандық ауыстырылды, физика кабинетіне ағымдағы жөндеу жүргізілді, сыртқы беткейлерге ағымдағы жөндеу жүргізілді, суағар жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді, кәріз жүйесіне жөндеу жүргізілді.