Округ бойынша аулалар саны – 411, оның ішінде Қарағайлы ауылында – 224, Башкөл ауылында – 101, Бөкебай ауылында -86. Округ бойынша 289 ауланың жеке қосалқы шаруашылықтары бар. Ірі қара мал басы 4158 бас, өткен жылдармен салыстырғанда 108% - ға, ұсақ мал басы 103% - ға ұлғайды, 5971 басты, жылқы 2715 басты, өткен жылдармен салыстырғанда 129% - ға, шошқа басы -34 басты, өткен жылдармен салыстырғанда 103% - ға, құс басы -5962 басты құрады, 105% өсті.
Мал жаю маусымының басталуымен округтің елді мекендерінде халықпен, малшылармен кездесулер өтті, мал табындары ұйымдастырылды. Округ бойынша 9-ІҚМ табыны, 5-ІІМ табыны, 3-жылқы табыны ұйымдастырылды.
Баскөл ауылдық округіндегі эпизоотиялық жағдай қолайлы, ауыл шаруашылық жануарларына көктемгі -күзгі ветеринарлық егу жұмыстары уақытымен жоспарға сәйкес жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы-35741 га, оның ішінде егістік жерлер - 16684 га және басқа жерлер – 19057 га.Биылғы жылы Барлығы 4773,0 га дәнді дақылдар жиналды, дәнді –дақылдардың орташа өнімділігі -5,5 ц/га болды. Күнбағыс 9422,5 га жиналды, орташа өнімділік -6,8/ ц/га құрады.
Жыл көлемінде округ тұрғындарынан мал азығын дайындау бойынша шөп шабу үшін жер бөлу мәселелері көтерілді. Шөп шабу маусымына тұрғындардан Башкөл ауылынан шөп шабу үшін ауылдық округтің елді мекенінен жер телімін бөлуге-23, Қарағайлы ауылынан -12 тұрғынға өтініштері бойынша елді мекен жерлерінен уақытша шөп шабу үшін жер берілді. Қатаң мал азығын дайындау жоспары-6,8 мың тонна, нақты дайындалғаны-6,8 мың тонна немесе берілген жоспар толығымен орындалды.